Парақтарды тексеру
Парақтар бумасын МФУ-да PDF етіп сканерлеу немесе парақтарды суретке түсіру, даулы орындарды түзету және жұмыстарды есептеу.
Қадам бойынша
- 1
Басты бетте «Парақтарды тексеру» батырмасын басыңыз.
- 2
«Сурет немесе PDF жүктеу» батырмасын басып, сканерден PDF (бүкіл бума бір файлмен) немесе парақтардың суретін таңдаңыз. «Парақты суретке түсіру» — телефонмен бір-бірлеп түсіру.
- 3
Танылуын күтіңіз — бетті жабуға болады, тізім сақталады.
- 4
«Даулы орындар: … — тексеріңіз» белгісі бар парақта «Тексеру» батырмасын басып, сары орындарды тауып, қағаздағыдай жауапты белгілеңіз де, «Есептеу» батырмасын басыңыз.
- 5
Қалған парақтарды «Даусыздарын есептеу» батырмасымен бірден есептеңіз.
Білу маңызды
- МФУ-да сұр реңкте немесе түсті етіп, 200–300 dpi параметрімен сканерлеңіз. Суретті жоғарыдан, жақсы жарықта түсіріңіз: бұрыштағы төрт қара шаршы да көрінуі керек.
- Сканерлеу мүмкін болмаса, «Жауаптарды қолмен енгізу» батырмасын басып, белгілерді парақтан көшіріңіз.
- Есептелген нәтижені тек осы парақтың жаңа сканымен ауыстыруға болады. Толығырақ — «Нәтижені ауыстыру» нұсқаулығында.
Бөлімнің басқа нұсқаулықтары
Жауап таппадыңыз ба?
Бізге WhatsApp-қа жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз: +7 747 990 28 18